Су добынан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді

28 Қаңтар 2020, 21:57
1375
Бөлісу:
Су добынан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-16 ақпан күндері елордада су добынан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады оlympic.kz.

Ел астанасында өтетін байрақты бәсекеде Олимпиада ойындарына жолдама ойнатылады. 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Азия құрлығынан ерлерден - 4, әйелдерден 6 команда екі жолдаманы сарапқа салатын болады.

Аталған командалар ішінде үздік атанып, бірінші орынға ие болған командалар ғана Олимпиада жолдамасына иелік етеді.

Әйелдер арасындағы додаға Қытай, Қазақстан, Жапония, Өзбекстан, Сингапур және Корей Халық Демократиялық Республикасының құрамалары қатысады.
Ал ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан, Иран, Қытай және Оңтүстік Корея командалары өзара бақ сынайды.
Өзгелердің жаңалығы