"Су деңгейі 20 сантиметрге түсті": Құлсарыда автобус жүре бастады

15 Сәуір 2024, 11:35
290
Бөлісу:
"Су деңгейі 20 сантиметрге түсті": Құлсарыда автобус жүре бастады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Республикалық ақпараттық штаб брифингінде Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Доссор – Құлсары тасжолында көлік қозғалысы басталды. 4 бригада бірігіп, қалаға газ беруді жандандырып жатыр. Бригадалар екі ауысыммен жұмыс істеп, тәулік бойы өтінімдер қабылдайды. Электр энергиясын беру мен суды сору жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ Құлсары қаласында қоғамдық көлік қайта жүре бастады. 12 бағыт бойынша 55 автобус қызмет көрсетеді, - деді ол.

Руслан Жұмағазиев біржолғы төлемді беруге өтініштер қабылдау басталғанын да айтты.

Құлсары қаласы бойынша біржолғы төлемге өтініш қабылдайтын екі пункт бар. Теңгиз вахталық кентінің эвакуацияланған тұрғындары өтініштерді вахталық кенттің өзінен бере алады, - деді баспасөз хатшысы.

Ол сонымен қатар Жем өзенінде су деңгейі 20 сантиметрге төмендегенін жеткізді. Ал гуманитарлық көмектің 80 пайызы Жылыой ауданына жіберіліп жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы