Су бөгеттен 3 метр 60 см асты – СҚО ТЖД өкілі

22 Сәуір 2024, 14:34
262
Бөлісу:
Су бөгеттен 3 метр 60 см асты – СҚО ТЖД өкілі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Республикалық ақпараттық штабының брифингінде СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев облыстағы жағдай әлі де күрделі екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облысымыздағы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 169% толып, су бөгет шыңынан 3 метр 60 см асты. Тәулік ішінде 3 см төмендеді. Антирекорд орнады. 2017 жылы су деңгейі 3 метр 38 см болса, 2024 жылы 4 метр 25 см-ге жетті, - деді ол.

Алайда Есіл өзенінде Есіл ауданының Покровка селосындағы гидробекетте су деңгейі 27 см көтерілді.

Алайда жаңадан үйлерді су басу деректері тіркелген жоқ. Петропавл қаласында тәулік ішінде су деңгейі 4 см төмендеді. Долматово селосында (РФ шекарасында) бұл көрсеткіш 5 см төмендеді, - деді Журавлев.

ТЖД өкілі бұл алғашқы толқынның суы кетіп жатқанын көрсететінін айтты.

Ал екінші толқын Қазгидромет мамандарының болжауы бойынша бірінші толқындай көп су әкелмейді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы