Су басқан өңірлерге көмек: ҚМДБ 3 мамырда қайырымдылық жәрмеңкесін өткізеді

2 Мамыр 2024, 22:15
286
Бөлісу:
Су басқан өңірлерге көмек: ҚМДБ 3 мамырда қайырымдылық жәрмеңкесін өткізеді
VIDEO
Фото: baq.kz

3 мамырда Қазақстандағы орталық мешіттерде "Жақсылықта жарысайық" қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкені ҚМДБ Әйел-қыздар секторы су тасқынынан зардап шекен аймақтардың тұрғындарына рухани, материалдық көмек көрсету мақсатында қолға алып отыр.

Жәрмеңкеде жамағатқа кітаптар, үй тағамдары, түрлі тәттілер, үй жағдайына қажетті тұрмыстық гигиеналық заттар, орамалдар, киім-кешектер ұсынылады. Қайырымдылықтан жиналған қаржы толығымен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмекке жұмсалады. "Жақсылықта жарысайық" қайырымдылық жәрмеңкесіне өз үлесіңізді қосып қолдау білдіріңіз, сондай-ақ тұрғылықты өңіріңіздегі орталық мешіт арқылы да көмектессеңіз болады, – делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жәрмеңке республиканың барлық орталық мешіттерінде ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы