Студенттердің ЖИ саласындағы дағдыларын дамытатын бағдарлама пайда болды

28 Наурыз 2025, 16:01
492
Бөлісу:
Студенттердің ЖИ саласындағы дағдыларын дамытатын бағдарлама пайда болды
Фото: автордан

Алматыда өтіп жатқан “AlmatyFair.ai” көрмесінде “AI-Sana” бағдарламасы бойынша қанша студент білім алғаны, қоғамға берер пайдасы айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бағдарлама өткен жылдың соңында Мемлекет басшысына ұсынылған еді. Көп ұзамай Алматыда өткен “Digital Almaty” форумы аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде “Ai-Sana” бағдарламасының таныстырылымы болған еді.

“AI-Sana” – студенттердің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын дамытуға арналған бірегей бағдарлама. Болашақта 100 мың қатысушыны қамтып, ұлттық экономиканың әлеуетін арттыруға, технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Біз бастапқы білім беруді бастап кеттік. Еліміздегі барлық ЖОО-да 650 мың студентті ЖИ-дің негізгі білім беру бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Біз трансұлттық компаниялармен 2023 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз, компаниялармен бірігіп курстар жасадық. Сол курстарды ЖОО-на тегін бердік. Барлық студенттерге ЖИ бойынша бастапқы білім беретін курстар өтіп жатыр. Бүгінде 35 мың студент оқып бітірді, мамырдың соңына дейін 650 мың студентті қамту жоспарымызда бар. AI-Sana стартап – ұлт идеологиясын қалыптастырудың негізгі драйверлерінің бірі,- деді ҚР ҒЖБМ Цифрлық және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов.

Бағдарлама халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленді. Оның қалыптасуындағы жетекші рөл Стэнфорд жоғары білім мектебінің бас технологиялық директоры және қауымдастырылған деканы Пол Кимге тиесілі. 

Сонымен қатар жобада Stanford University, Imperial College London, King’s College London, Royal Academy of Engineering сарапшылары мен SETsquared, UKSPA инновациялық платформаларының тәжірибесі пайдаланылды.

Біз университеттер арасында ұлттық стандартға өзгеріс енгіздік. Жалпыға бірдей білім беру стандартының бағдарламасына ЖИ бойынша пәндерді қостық. “AI-Sana” бағдарламасының екінші бөлігінде 100 мың студентті қамтамасыз ету жоспарда бар.  Сондай-ақ, біргейленген ЖИ бойынша кәсіпкерлікті қосу ойымызда бар. Тек технологияны дамытып қоймай, қаржы тарту мақсатында инвестицияны тартуды үйретін боламыз.  Дегенмен ЖИ курстарын оқыту үшін супер компьютер болу қажет. Бұндай компьютерлер қазір бізде үш ЖОО-да ғана бар. Оның бірі Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, екінші Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, үшіншісі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бар. ЖОО-да ЖИ-ді дамыту үшін ең алдымен инфраструктураны дамыту, қаржы қажет,- деді Нұрсұлтан Махатов.

Бүгінгі таңда Платформада 700 мыңға жуық студент, 44 мыңнан астам оқытушы және 2,6 миллионнан астам түлек туралы мәліметтер бар. 2024 жылы Платформада 154 мыңнан астам диплом құжаттарының нөмірлері генерацияланды. Қазіргі уақытта Платформа арқылы 202 мыңнан астам студент стипендия алып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы