Күрішбаев студенттер мен университет ұжымына үндеу жасады

15 Наурыз 2020, 19:32
3805
Бөлісу:
Күрішбаев студенттер мен университет ұжымына үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев университет студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына үндеу жолдады.

Елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында алдын алу шараларын жүргізуге байланысты, біз қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеміз. Біздің университетіміз – білім беру үдерісін заманауи «триместр» үлгісімен жүргізетін санаулы жоғары оқу орындарының бірі. Басқа жоғары оқу орындарынан айырмашылығымыз: қазір біз екінші триместрді аяқтап, Сіздер 6 сәуірге дейін демалыста боласыздар. ​Бұл демалыс уақыты ұстаздарыңызға әр пән бойынша оқыту материалдарының мазмұнын тағы да бір қарап шығуға және оларды қашықтықтан оқыту жүйесіне бейімдеуге уақыт береді. Ал сіздерге, құрметті білім алушылар, "online" оқыту форматында жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік болады - делінген ректор үндеуінде. 

Сонымен қатар Ақылбек Күрішбаев демалыс кезіндегі оқыту жүйесі қалай болатынын түсіндірді.

Демалыс кезінде сіздердің эдвайзерлеріңіз, оқытушыларыңыз Platonus, чаттар, Zoom және т.б. вебинарлық жеке парақшалар арқылы әртүрлі байланыс құралдарын пайдалана отырып, хабарласады және қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу бойынша қажетті кеңестерін береді және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Барлық сұрақтар бойынша Сіздер өз эдвайзерлеріңіз бен кураторларыңызға, сондай-ақ, CALL-орталығының 8 (7172) 317556; 398018 телефондары арқылы тікелей хабарласа аласыздар - деді Ақылбек Күрішбаев.

Үндеуде факультет декандарына қалай байланысуға болатыны көрсетілген.

Агрономиялық факультеті бойынша 8702 122 2808;
КЖжКББ факультеті бойынша 8701 162 6461;
Техникалық факультеті бойынша 8701 512 9791;
ЖБСжД факультеті бойынша 8701 576 4896;
Экономикалық факультеті бойынша 8701 676 3639;
ВМжМШТ факультеті бойынша 8701 388 1467;
Энергетикалық факультеті бойынша 8 701 678 2215 номерлеріне хабараласа аласыздар.

​Құрметті әріптестер мен білім алушылар! С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады және осындай кезеңде де бізге сапалы білім беру деңгейімізді төмендетіп алуға болмайды.  Құрметті достар, қазір біз бұрынғыдан да берік ұйымшылдығымызды көрсетіп, осы кезеңнен бірге өтуіміз керек. ​Естеріңізде болсын, біз өзіміз үшін және айналамыздағы адамдар үшін жауап береміз. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар, коронавирустың таралуына жол бермеу мен жеке гигиена бойынша барлық нұсқауларды қатаң ұстаныңыздар және орындаңыздар!  ​Бәріңізге мықты денсаулық тілеймін! Біз, сіздердің оқытушыларыңыз, бәріңізді амандықпен және қуатты денсаулықпен сүйікті білім ордаларыңызда күтеміз! ​Сіздерге деген үлкен құрметпен және ізгі ниетпен, ректорларыңыз Ақылбек Күрішбаев. Біз біргеміз! - делінген үндеуде.
Өзгелердің жаңалығы