Студенттер колледжде дайындаған өнімдері арқылы табыс тауып жүр

11 Ақпан 2022, 08:37
1509
Бөлісу:
Студенттер колледжде дайындаған өнімдері арқылы табыс тауып жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық колледж студенттері оқу орнында өздері жасаған өнімдері арқылы табыс тауып жүр. Мысалы, наубайшылар пісірген торттарын, кондитерлік өнімдерін және т.б. өнімдерін сатады, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Студенттер Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен бір жыл бұрын қабылданған заңнамалық норманың оң әсері бар екенін айтты. Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова «БҒМ LIVE» айдарында хабарлады. 

Жоғарыда аталған норма студенттерге колледждердің материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып, табыс табуға мүмкіндік береді. 

«Жас маман» жобасы аясында қазақстандық колледждер Германия, Италия, Ресей және т.б. елдерден заманауи жабдықтар сатып алды. Нәтижесінде колледждердегі оқу процесінің сапасы ғана емес, студенттердің оқуға деген қызығушылығы да артты.

Колледж студенттері оқу орнының жабдықтарын өз тауарларын сату үшін пайдалануға мүмкіндік алды. Мысалы, Тараз қаласында студенттер жасаған жартылай фабрикаттарды сататын дүкен ашты. Мұндай жаңашылдық оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, студенттеріміздің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді деп ойлаймын, – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

 

 

Өзгелердің жаңалығы