Страсбург қаласында қазақ мәдениетінің таныстырылымы өтті

25 Сәуір 2022, 19:58
1594
Бөлісу:
Страсбург қаласында қазақ мәдениетінің таныстырылымы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еуропа астанасы» Страсбург қаласында «Қазақстан мен Эльзас бейбітшілік, достық пен келісімді қолдайды» ұранымен бірінші қазақстандық-француз велошеруі мен қазақ мәдениетінің таныстырылымы өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Орталықсыздандырылған серіктестікті дамыту аясында Эльзастың Еуропалық қоғамдастығының және өңірлік велоспорт комитетінің қолдауымен Қазақстанның Бас консулдығы ұйымдастырған іс-шараларға Еуропа Кеңесінің академиялық топтарының өкілдері мен Страсбург жұртшылығы, сондай-ақ осы қалада оқитын қазақстандық студенттер қатысты.

Страсбург қаласында қазақ мәдениетінің таныстырылымы өтті

Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Ғалиев өзінің алғы сөзінде бұл акцияларды Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізудің символдық мәні бар екендігін атап өтті. 

Страсбург қаласында қазақ мәдениетінің таныстырылымы өтті

130-ға жуық этнос пен 40-қа жуық діни конфессиялардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, біртұтас ұлт болып қалыптасып отырған біздің еліміздің татулық пен тұрақтылықты нығайтуда бірегей тәжірибесі бар, - деп ол бұл тұрғыдағы «қазақстандықтар мен эльзастықтардың мәдени кодтарының ұқсастықтарын» атап өтті. 

Страсбург қаласында қазақ мәдениетінің таныстырылымы өтті

Сондай-ақ дипломат кездесу барысында қатысушыларды «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды. Қыркүйек айында өзін халықаралық бітімгершілік алаңы ретінде танытқан Қазақстанның астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Эльзастың Еуропалық қоғамдастығының өңірлік кеңес депутаты, кеңесші Паскаль Пфайфер жолдастық кездесудің өткізілу орны Франция мен Германияны байланыстыратын Рейн өзенінің жағасындағы саябақта болуы символдық екенін атап өтті.

Біз бүгін Эльзас пен Қазақстан арасындағы достықты, сондай-ақ спорттық ынтымақтастықты нығайтатын алғашқы велошеруді өткізуге қуаныштымыз. Біздің Комитет мүшелері веложарысқа арнайы қосылды және біз үшін бұл үлкен құрмет,  - деді Велотуризм комитетінің төрағасы Дэнис Вирлинг.

Жолдастық кездесу қазақ халқының ұлттық тағамдары мен православиелік қазақстандықтардың осы Пасха жексенбісіндегі мереке аясында дайындалған Пасха куличтің дәмін татумен аяқталды.

Страсбург қаласында қазақ мәдениетінің таныстырылымы өтті
Страсбург қаласында қазақ мәдениетінің таныстырылымы өтті
Өзгелердің жаңалығы