Степногорскіде сертификаты жоқ стоматолог 345 баланың тісін емдегені анықталды

Степногорскіде сертификаты жоқ дәрігер 345 баланың тісін емдеп келген.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 27 Қазан 2026, 13:59
27 Қазан 2026, 13:59
186
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Степногорскіде балалардың тісін емдеген сертификатсыз стоматолог анықталды. Мемлекетке 2,5 млн теңге қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Степногорск қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларға тиісті маман сертификатынсыз медициналық қызмет көрсету фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, «Viamedis» ЖШС филиалының тіс дәрігері балаларға медициналық қызмет көрсету құқығын беретін тиісті маман сертификатынсыз медициналық көмек көрсеткен.

Аталған дәрігер 345 кәмелетке толмаған пациентке медициналық қызмет көрсеткені, ал көрсетілген қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен төленгені анықталды.

Негізсіз төленген медициналық қызметтердің жалпы сомасы 2 569 792 теңгені құрады. Балаларға қажетті рұқсат құжаттарынсыз медициналық көмек көрсету олардың денсаулығына қауіп төндіріп, сапалы әрі білікті медициналық көмек алу құқықтарын бұзған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою және негізсіз төленген қаражатты қайтару шаралары қабылданып, нәтижесінде 2 569 792 теңге мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында балаларды қағаз жүзінде емдеген клиника директоры 66 млн теңге жымқырғаны анықталды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Оқушылар арасында тіс жегісі неге көбейіп кетті? ДСМ маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанда 242 мың баладан профилактикалық тексеруден кейін аурулар анықталды

Балаларды қағаз жүзінде емдеген: Алматы облысында клиника директоры 66 млн теңге жымқырған

Наверх