Стенд атудан Азия чемпионаты: Еліміз жалпы есепте екінші орын алды

25 Қаңтар 2024, 21:49
400
Бөлісу:
Стенд атудан Азия чемпионаты: Еліміз жалпы есепте екінші орын алды
Фото: olympic.kz

Кувейтте стенд атудан лицензиялық Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан командасы 8 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Отандық мергендер қоржынында 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға табан тіреді.

Алтын медаль: Мария Дмитриенко, Әлішер Айсалбаев (трап, аралас жұптық сын), Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Илья Пенков (скит, командалық жарыс), Никита Моисеев, Богдан Конченко, Никита Чикулаев (трап, командалық жарыс).

Күміс медаль: Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко (скит, аралас жұптық сын).

Қола медаль: Мария Дмитриенко (трап, жекелей сын), Мария Дмитриенко, Анастасия Прилепина, Айжан Досмағамбетова (трап, командалық сын), Илья Пеньков (скит, жекелей сын), Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко (скит, командалық сын).

Азия чемпионатына Қазақстаннан 18 спортшы қатысты. Өкінішке қарай, ешбір спортшымыз лицензияға қол жеткізе алмады.

Өзгелердің жаңалығы