Startuphanа: Астанада қазақтілді стартаптарды дамытуға арналған форум өтті

10 Желтоқсан 2022, 18:49
1034
Бөлісу:
Startuphanа: Астанада қазақтілді стартаптарды дамытуға арналған форум өтті

Бүгін Астанада қазақ тіліндегі IT стартаптарды қолдауға арналған Startuphanа форумы өтті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.  

Форумда өз стартабын бастағандар мен одан жаңа деңгейге көшкісі келетіндер түрлі кеңестер алды.

Іс-шарада IT аналитик, стартап кеңесшісі Тимур Бектұр, Блокчейн орталығының жетекшісі Айдана Қасқырбек, АҚШ-тың LinkedIn компаниясының аға инженері Мақсат Қадыров, Контент-мейкер Фархад Молдаш және т.б сарапшылар TED talks форматында IT-дің мүмкіндіктері туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар Astana Hub Оқу бағдарламалар офисының бас менеджері Дәулет Беймурзинов стартапты қалай бастауға болатынын түсіндірді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақ тілін дамыту тек мәдениет саласында жұмыс істеп келе жатқан адамдардың қолында  емес екенін тілге тиек етті.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда әлемде цифрландыру мен инновация саласы әр адамның күнделікті өміріне нақты әсер ететін трендтің бірі.

Егер бұл трендке қазақ тілін іліктірмесек, тіліміздің ертеңін, оның болашағынын не болатынын білмей қалуымыз мүмкін. Біздің бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты - қазақ тілінің дамуына технологиялық ықпалымызды қалай тигізе аламыз? Жалпы, қазақ тілді жастарға стартаптарды жасау олардың да қолынан келетін іс екенін, оның оңай екенін түсіндіру әрі дәріптеу, - деді ведомства басшысы.

Өзгелердің жаңалығы