Startup Garage инкубациялық бағдарламасының үшінші легі басталды

13 Ақпан 2024, 19:27
425
Бөлісу:
Startup Garage инкубациялық бағдарламасының үшінші легі басталды
Фото: ortcom.kz

Жас стартаптарды қолдауға арналған бағдарламаға қатысу үшін өтініштер  5 наурызға дейін қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бағдарлама идеясы MCI немесе өнімді жасау MVP кезеңіндегі ІТ-жобаларды дамытуға бағытталған.

Startup Garage жиі кездесетін қателіктерді алдын алуды, жобаны жақсарту үшін бірінші прототипті сынауды және нарықтағы мақсатты аудиторияны анықтауды үйретеді. Бағдарлама аясында қатысушылар технологиялық стартапты жүргізу негіздері, дайын өнім және сату стратегиясы туралы толық түсінік алады, - деді Astana Hub бизнес бағдарламалар офисінің директоры Ербол Ахметов.

Былтыр Startup Garage бағдарламасының алдыңғы екі легіне 366 өтінім түсіп, оның ішінде 204 жоба іріктеліп, тек 79 стартап инкубацияны сәтті аяқтаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы