STARSHIP зымыраны жарылды

20 Қараша 2023, 01:20
660
Бөлісу:
STARSHIP зымыраны жарылды
Фото: скрин

Starship зымыраны көкке ұшырылғаннан кейін 8 минуттан соң жарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол әлемдегі ең ірі ғарыш кемесі болатын. Ұзындығы 120 метрден асады. Оны жасау үшін 3 млрд доллар жұмсалған. Зымыранды Илон Маскқа тиесілі SpaceX компаниясы жасаған.

Бұл жолғы ақауға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Сәуірде алғашқы зымыран ұшырылып, ол 4 минуттан кейін жарылған болатын. Бұл сәтсіздіктер сарапшыларды қатты алаңдатып отыр. Өйткені Starship кемесімен келешекте Ай мен Марсқа сапар шегу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы