Стамбулдық инвесторларға Қазақстанның мүмкіндіктері таныстырылды

16 Қараша 2020, 21:02
1183
Бөлісу:
Стамбулдық инвесторларға Қазақстанның мүмкіндіктері таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ пен «Ыстанбұл сауда палатасы» бірлесіп вебинар ұйымдастырылды, деп жазды СІМ баспасөз қызметі.

Вебинар барысында түркиялық кәсіпкерлерге Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың дамуы мен басқа да маңызды ақпараттар берілді. 

Қазақстан Орталық Азияның сөзсіз экономикалық көшбасшысы ретінде барлық халықаралық стандарттарға сәйкес ең қолайлы инвестициялық ортаны құрды. Еліміздің географиялық орналасуы экспорттық әлеует және ірі азиялық және еуропалық нарықтарға шығу артықшылықтарын береді. Мемлекетіміз  Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 350 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестицияларды тартты және Түркия елінің алатын орны ерекше, осының барлығы елімізде жасалған табысты реформалар нәтижесінде жүзеге асты, – деді Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы өз сөзінде.
Іс-шара аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Инвестициялық тарту және маркетинг Департаментінің директоры Жандос Темірғали мемлекетіміздің шетел инвесторларына арналған жан-жақты қолдау шаралары жайында егжей-тегжейлі баяндап, бірқатар салалардағы әлеуетті жобаларды таныстырды. 
Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар бүгінде шын мәнінде үлгілі және стратегиялық сипатқа ие. Бұл таңқаларлық емес, өйткені түрік және қазақ халқының шығу тегі, тілі мен діні ортақ. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап Түркия әрдайым еліміздің ірі инвесторлары мен сауда серіктестерінің бірі болды. Бүгінде елімізде түрік капиталының қатысуымен 2,5 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Атап айтқанда, өткен жылы екіжақты тауар айналымының көлемі 65%-ға өсіп, $3,1 млрд-қа жетті. Бұл Түркияны Қазақстанның сауда серіктестерінің тізімінде 7-ші орынға қойды. Инвестицияларды тарту бөлігінде өткен жылы сондай-ақ Түркиядан Қазақстан Республикасының экономикасына $358 млн. мөлшерінде тікелей инвестициялар ағынының рекордтық көлемі (20% өсім) атап өтілгенін атап өту қажет. Соңғы үш онжылдықта Түркия Қазақстан экономикасына $4,2 млрд астам инвестиция салды. Бұл цифрлардың барлығы экономикалық ынтымақтастықтың даму серпініндегі өзара жоғары мүддені айқын көрсетеді. Сонымен қатар, Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен нақты секторлардың мүмкіндіктерін ескере отырып, бұл көрсеткіштер бірнеше есе артуы мүмкін, - деді ол. 

Ыстанбұл сауда палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Исрафил Құралай бауырлас Қазақстанмен әр салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға әрқашан дайын екенін жеткізді.

Қазақстан мен Түркия - терең тарихи қатынастарға ие бауырлас елдер. Біздің стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі тіректерінің бірі, сөзсіз, сауда және инвестициялық ынтымақтастық болып табылады. Бауырлас Қазақстанмен әр салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға әрқашан дайынбыз, - деп мәлімдеді. 

«Qaztrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Арман Абенов орталықтың қолдау шаралары еліміздегі кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға арналған қолдау тетіктері мен механизмдері туралы ақпарат берді. Жалпы іс-шараға Ыстанбұл қаласының 100-ден астам кәсіпкерлері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы