СҚО тұрғындарына әлеуметтік тағайындаудың жаңа алгоритмдері түсіндірілді

28 Қыркүйек 2022, 21:17
1073
Бөлісу:
СҚО тұрғындарына әлеуметтік тағайындаудың жаңа алгоритмдері түсіндірілді
PHOTO

Мемлекет басшысының Жолдауындағы әлеуметтік-еңбек саласының негізгі бағыттарын және  Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын түсіндіру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрған арнайы мобильді топ СҚО белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Ведомство мен еншілес ұйымдардың өкілдері облыстың шалғай аудандарын аралап Шал ақын мен Темирязевский аудандарында халықпен, жастармен, еңбек ұжымдарымен, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерімен, ауылдық округтердің әкімдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесулер өткізді.

СҚО тұрғындарына әлеуметтік тағайындаудың жаңа алгоритмдері түсіндірілді

Тыңдаушылар алдында сөз сөйлеген мобильді топтың жетекшісі – «ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Әлімжан Бекмағамбетов Әлеуметтік кодекстің негізгі нормалары туралы айтып, Отбасының цифрлық картасын енгізуге назар аударды.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда әлеуметтік-еңбек саласындағы 5 қызмет бойынша пилоттық режимде Әлеуметтік кодекстің құрамдас бөлігі болып табылатын Отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Бұл азаматтарды тиісті органдарға жүгіну қажеттілігінсіз, проактивті форматта ұсына отырып, кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқығының туындағаны туралы хабардар ететін «электрондық хабарлаушының» бір түрі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде цифрлық картада 6 млн отбасы және олардың 19 млн мүшесі туралы ақпарат жинақталған. Отбасының цифрлық картасы арқылы проактивті форматта мемлекеттік қолдау шаралары 5 мың азаматқа тағайындалды, - деді Әлімжан Бекмағамбетов.

Сондай-ақ ол жыл соңына дейін көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтіліп, 2025 жылға қарай цифрлық карта әлеуметтік саладағы, денсаулық сақтау мен білім берудегі мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрін қамтитынын қосты.

СҚО тұрғындарына әлеуметтік тағайындаудың жаңа алгоритмдері түсіндірілді

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу барысында мобильді топ мүшелері Жолдаудың және Әлеуметтік кодекстің басқа да маңызды бағыттарын жүзеге асыру туралы айтып берді, атап айтқанда, мемлекеттік жәрдемақы мен бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін ұлғайту, ЕТЖ ұлғайту, Электрондық еңбек биржасы базасында цифрлық экожүйені қалыптастыру, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, жаңа көші-қон саясаты, оқыту жүйесін дамыту және кәсіби дағдыларды сертификаттау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы төлемдерін арттыру және т. б.

Өзгелердің жаңалығы