СҚО полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

28 Қаңтар 2022, 20:47
1673
Бөлісу:
СҚО полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшысы болып Айдын Қабдұлдинов тағайындалды, деп хабарлайды СҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдын Қабдұлдинов тағайындалды. 

Облыстың ішкі істер органдарының жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және СҚО әкімі Құмар Ақсақалов таныстырды.

Айдын Тоқтарұлы Қабдұлдинов 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бастап қызмет атқарады. 

ҚР ІІМ Алматы заң институтының түлегі. Тергеу және жедел бөліністердегі жұмыс тәжірибесі мол. 2020 жылдың ақпанынан осы күнге дейін Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары болды. 

Бұған дейін СҚО полиция ведомствосын басқарған Марат Төлебаев Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

 

Өзгелердің жаңалығы