СҚО-ның аудандарына 14 жаңа санитарлы көлік алынды

20 Қаңтар 2023, 21:15
855
Бөлісу:
СҚО-ның аудандарына 14 жаңа санитарлы көлік алынды

Биыл Президенттің бастамасымен ауыл тұрғындарын медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобаның арқасында ауылдарда медициналық көмек қолжетімді болып, ауыл тұрғындарына дер кезінде шұғыл көмек көрсету қамтамасыз етілмек.

Осы жұмыстың аясында 14 жаңа санитарлы көлікті алынды. Бұл машиналар аудандарда жіберіліп, ауыл тұрғындарына қызмет етпек. Көліктердің кілттерін табыс ету рәсіміне облыс әкімі Айдарбек Сапаров қатысып, аудандық ауруханалардың дәрігерлерімен тілдесті.

Осының арқасында облыстағы көліктердің тозуы 73 пайыздан 63 пайызға дейін төмендейді.

Барлығы денсаулық сақтау жүйесі бойынша 45 көлікті ауыстыру қажет. Бұл мәселені шешу үшін көлік паркін жаңарту жалғасады. 2023 жылы тағы 10 көлік сатып алу жоспарлануда.

Ұлттық жоба аясында өңірде 46 медициналық мекеме салынбақ. Бұл емхана, ФАП, дәрігерлік амбулатория пен медпункттер.

Сондай-ақ 2023 жылы денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге бөлінді.

Биыл «Береке» мен «Жас өркен» ықшам аудандарында 2 емхана ашылмақ.

Жалпы, 2023 жылы облыс бойынша медициналық қондырғылар алуға 5 млрд теңге бөлінді. Биыл ангиографтар, УЗИ, эндоскопия, реанимация және рентген аппараттары қойылады.

Атап айтсақ, кардиологиялық орталық пен көпсалалы қалалық аурухананың инсульт орталығына екі ангиограф орнатылады. Заманауи қондырғылар инсульт пен инфаркт кезінде ота жасауға арналған.

Өзгелердің жаңалығы