СҚО-дағы егін науқаны. 317 астық кептіргіш іске қосылды

18 Қыркүйек 2023, 19:32
896
Бөлісу:
СҚО-дағы егін науқаны.  317 астық кептіргіш іске қосылды
Фото: СҚО әкімдігінің ресми сайты

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 3,2 млн.га алқапта дәнді және бұршақ дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгінге дейін 1,8 миллион гектар немесе 53 пайызы орылды, 1,9 миллион тонна бастырылды.

Айта кетерлігі, биыл еліміздің солтүстік өңірлерінде астық жинау науқаны күрделі жағдайда өтіп жатыр. Қыркүйек айының басынан бері жауын-шашын 45 мм немесе айлық норманың 158 пайызын құрап отыр. Облыста тәулігіне 240 мың тонна өнім кептіруге мүмкіндік беретін 317 астық кептіргіш іске қосылды. Облыста сыйымдылығы 6,9 млн тонна болатын астық сақтау қоймалары бар, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы