СҚО-да желшешек жұқтырғандар 3 есе көбейді

14 Сәуір 2023, 18:30
1105
Бөлісу:
СҚО-да желшешек жұқтырғандар 3 есе көбейді
Фото: Егемен Қазақстан

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 3 айда желшешек жұқтырған 1078 адам тіркелді. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде аталған инфекция 396 адамнан анықталған еді. Жұқпа әсіресе балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылар арасында өршіп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ-нің өңірдегі тілшісі.

Желшешек жұқтырғандардың 90 проценті 14 жасқа дейінгі бала. Петропавлда 19 мектепке дейінгі мекемеде карандиндік шектеу шаралары енгізілді.

Айыртау ауданында 1 және Тайынша ауданында 1 балабақшада шектеу шаралары енгізілді. Оған сәйкес ауырған балалар тіркелген топта күн сайын дезинфекция жасалады. Балалардың жеке бас гигиенасына баса мән берілдеді. Тәрбиеленушілерге топтан шығуға рұқсат етілмейді. Мәселен, акт залы, спорт залына баруға болмайды. Шектеу шаралары соңғы науқас тіркелген күннен бастап, 3 апта бойы жалғасады. Желшешек – ауа тамшылары арқылы жұғады. Сондықтан ол тез таралады. Балалар ауруды жеңіл өткереді, - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағандықова.

Ауырғандардың 60 пайыздан астамы Петропавл қаласының тұрғыны. Науқастармен байланыста болған адамдар оқушауланбайды. Желшешекке қарсы екпе жасалмайды.

Өзгелердің жаңалығы