СҚО-да жаңа қоспажем зауыты ашылды

29 Желтоқсан 2021, 22:48
1137
Бөлісу:
СҚО-да жаңа қоспажем зауыты ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

Сапалы сүт пен ет алу үшiн жоғары өнiмдi қоспажем қажет. Жаңа өндiрiс орындарын ашу арқылы бiз осы бағытты дамытып жатырмыз. Бүгiн Тайынша ауданында жылына 72 мың тонна дайын өнiм шығаратын қоспажем зауыты iске қосылды. Еуропалық қондырғы орнатылды. 70 жаңа жұмыс орны ашылды. Бiз сүт фермаларын, бордақылау алаңдарын және құс фабрикаларын салып жатырмыз. Оларға толыққанды жем базасы қажет, — деп жазды өңiр басшысы.

Жаңа зауыттың ашылуы жергiлiктi ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi сырттан өнiм әкелмей, құрама жеммен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұл фермалар мен мал бордақылау алаңдарының өнiмдiлiгiн айтарлықтай ұлғайтатыны анық.

Өзгелердің жаңалығы