СҚО-да жағдай қалай? – Әкімдік жауап берді

10 Сәуір 2024, 11:50
213
Бөлісу:
СҚО-да жағдай қалай? – Әкімдік жауап берді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Сергеев су қоймасының толымдылығы төмендеп келеді. Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір судың толымдылығы - 179,5%, толып кетуі 412 см, бұл кешегі күнмен салыстырғанда 13 см-ге төмен. 103 үйдің 76-сы су астында қалып отыр. 676 адам эвакуацияланды, 44 адам үйге қайтарылды. 174 үйдің маңын су басты, - деді әкімнің орынбасары.

Қанат Дүзелбаев Ұлытау, Түркістан, Қарағанды және Павлодар облыстарынан және Алматы қаласынан ТЖМ күштері келгенін атап өтті.

Оның мәліметінше, өңірде 59 жолды су шайған, оның 19-ы белсенді. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. 249 шақырым арық тазартылып, кеңейтіліп, тереңдетілді. 158 шақырым канал, 84 мың дана қап дайындалып, 130 мың дана төселді, - деді әкімдік өкілі.

Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданындағы елді мекендердің айналасындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы