СҚО-да учаскелік полиция инcпекторлары мейрам қарсаңында жалғызбасты әжелерді құттықтады

7 Наурыз 2022, 18:31
1835
Бөлісу:
СҚО-да учаскелік полиция инcпекторлары мейрам қарсаңында жалғызбасты әжелерді құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-да учаскелік полиция инcпекторлары 8 наурыз мейрамы қарсаңында жалғызбасты әжелерді құттықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жалғыз тұратын зейнеткерлер учаскелік полиция инспекторларының ерекше бақылауында. Тәртіп сақшылары оларға жиі барып тұрады. 8 наурыз мейрамы қарсаңында Қызылжар ауданының полицейлері әжейлерді қуанту үшін құттықтауды жөн көрді.

Учаскелік полиция инспекторы Шамиль Евлоев пен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Жамбыл Оралбаев 40 жыл мектеп мұғалімі болған 76 жастағы Орынтай Мырзақаеваға арнайы барды. Оған қарайлайтын ешкім болмағандықтан, полиция қызметкерлері оның балаларындай болып кеткен. Облыс орталығының полицейлері де қалыс қалмады. № 1 учаскелік полиция пунктінің инспекторы 77 жастағы Любовь Живулинаны мерекемен құттықтап қайтты.

Жасына қарамастан ол құқықтық тәртіпті қамтасыз етуге ат салысып, полицияның ерікті көмекшілерінің бірі болып жүр.

СҚО Полиция департаментінің басшылығы халықаралық әйелдер күнімен көпбалалы аналарды құттықтады. Олардың қатарында Әдемау Меңдібаева да бар. Ол Процессингтік орталықта қызмет атқарады. Бес бала тәрбилеуде. 

Халықаралық әйелдер күні – қолдау мен көңілге мұқтаж жандарға қамқорлық көрсететін мерекелердің бірі, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. 

Көктемнің осындай шуақты мерекесінде облыс полицейлері барша арулар қауымына, әсіресе заңдылықтың нығайтылуына және туған өлкесінің гүлденуіне еңбегі сіңген әйелдерге денсаулық пен бақыт тілейді.


 

Өзгелердің жаңалығы