СҚО-да түрмеге тыйым салынған заттарды алып өтудің 5 әрекеті тоқтатылды

2 Тамыз 2022, 19:20
1627
Бөлісу:
СҚО-да түрмеге тыйым салынған заттарды алып өтудің 5 әрекеті тоқтатылды

ҚО-да түрмеге тыйым салынған заттарды алып өтпек болғандарға қатысты 5 материал сотқа жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz хабарлауынша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттері сирек емес. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеп жатқан ҚАЖ мекемелерінің әкімшілігі сотталғандарды, олар тұрып жатқан үй-жайларды тінтуге, заттарын тексеріп қарауға, сондай-ақ мекеме аумағына келетін көлік құралдарын тексеруге, тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға құқылы. 

2022 жылдың 7 айында СҚО бойынша ҚАЖД “ЕС-164/3 мекемесі” РММ тексеру тобының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты бес материал жасап, мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберді. Жалпы сомасы 16 700 теңге болатын ақша қаражатын және бір ұялы телефонды алып өту әрекеттері анықталды. Бұл азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және тиісінше әкімшілік жазаға тартылды. 

Тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеттерінің жолын кесу мақсатында мекеменің режимдік аумағында тәулік бойы патрульдеу жүргізіледі. Сотталғандарға және олардың туыстарына тыйым салынған заттарды алып өткені және бергені үшін жауапкершілік туралы ескертіледі. Берілетін сәлемдемелер мен бандерольдерді, сондай-ақ сотталғандармен кездесуге келген адамдарды мұқият тексеру ұйымдастырылады. 

Күту бөлмелерінде мекемелерге тыйым салынған заттарды әкелуге тырысқан адамдар туралы көрнекі ақпарат және әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілік шаралары көрсетілген. Сотталғандардан пайдалануға тыйым салынған заттар алынған жағдайда сот қаулысы бойынша мемлекет кірісіне айналдырылуға жатады не жойылады. Айта кетейік, “ЕС-164/3 мекемесі” РММ-де тыйым салынған заттарды алып өтуге жол бермеу бойынша тұрақты негізде іс-шаралар кешені өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы