СҚО-да сайлау заңамасын бұзу тіркелген жоқ – байқаушы

20 Қараша 2022, 19:15
799
Бөлісу:
СҚО-да сайлау заңамасын бұзу тіркелген жоқ – байқаушы
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстанда 3643 байқаушы жұмыс істеуде. Оның 190-ы халықаралық ұйымдар атынан тіркелген. «Партиялық емес бақылау орталығы» облыстық филиалының төрағасы өңірде сайлау заңнамасын өрескел бұзу фактілері анқталмағанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Теріскей тұрғындары үшін 640 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. 585 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Халықтың 50 пайыздан астамы күннің бірінші жартысында өз таңдауын жасап үлгерді. Қала тұрғындары үшінбарлық бағыттағы қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетуде. 

СҚО-да сайлау заңамасын бұзу тіркелген жоқ – байқаушы

«Біз тәуелсіз бақылаушымыз. Әр учаскеде 3 ауысым бойынша кезекшілік атқарылуда. Олар байқаушы ретінде өз еріктерімен тіркелген азаматтар. Арнайы курстан өтті. Сайлаудың әділ өтуін қадағалауды борыш санайды. Осы сағатқа дейін ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Дауыс беру аяқталса да, бақылаушылардың жұмысы жалғаса береді. Олар бюллетендерді санауға қатысады», - дейді «Партиялық емес бақылау орталығы» облыстық филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов. 

Сонымен қатар сайлау учаскелерінде азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Тұрақтандыру қорынан тауар бөлініп, халыққа нарықтағыдан арзан бағамен ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы