СҚО-да қорасын су басқан тұрғындардың малы арам өліп жатыр

29 Наурыз 2023, 16:14
900
Бөлісу:
СҚО-да қорасын су басқан тұрғындардың малы арам өліп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстанда Қызылжар ауданына қарасты Чапаев ауылы тұрғындарының ауласы мен қорасын су басып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ –тің өңірдегі тілшісі. 

Көше ми батпаққа айналып, көпшілік үйінен шыға алмай қалған.

Гүлбахрам Манжанова – Солтүстік Қазақстанға  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қоныс аударған. 3 жылдан бері Чапаев ауылында тұрып жатыр.  Ол мұндай жағдайды бірінші рет көріп тұрғанын айтады.

СҚО-да қорасын су басқан тұрғындардың малы арам өліп жатыр

Қыс бойы көшедегі қар тазаланған жоқ. Осы күнге дейін тау болып жатты. Енді міне еріп, біздің аула мен қораларға кіріп жатыр. Кәсіппен айналысамен деп несие рәсімдедім.  Оған қой сатып алдым. 4 қозы суға тұншығып өліп қалды. Тағы бір көршінің бұзауы арам қатты. Оны кім өтейді? Өкпесіне суық өткен мал оңбайды. Жергілікті әкімге талай айттық. Сөзімізге құлақ аспайды. Біздің жанайқайымызды ешкім керек қылып жатқан жоқ. Айналаны су басып жатқанына бір апта болды, - дейді ол. 

Көше арасындағы жолдарда жүк көліктерінің өзі жүре алмайтын жағдайға жеткен. Салдарынан ата-аналар балаларын сабаққа жібере алмаған. Жұмысқа жете алмағандар да бар. Қар суы неше аула мен қораға кіргені белгісіз. Ауылдық округ әкімі бәрі есептелетінін айтып отыр. Ауыл шетінде орын тепкен бұл баспаналар мемлекеттік бағдарлама қатысушыларына арналып салынған болатын. 

СҚО-да қорасын су басқан тұрғындардың малы арам өліп жатыр

Елді мекендегі қарды тазалау жұмыстары үш күн бұрын басталып кетті. Күндіз-түні шалшықтарды мотопомпамен тазалап жатырмыз. Дес берер емес. Жергілікті фермерлерден де көмек сұрадық. Олар бас тартқан жоқ, - дейді ауылдық округ әкімі Бақытжан Ташева. 

СҚО-да қорасын су басқан тұрғындардың малы арам өліп жатыр

Өңірде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланбағанын желеу еткен әкімдік өкілдері малы өлген тұрғындарға материалдық көмек көрсетілмейтінін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы