СҚО-да қоғамдық штабтар су тасқынынан зардап шеккендерге консультация береді

18 Сәуір 2024, 14:33
206
Бөлісу:
СҚО-да қоғамдық штабтар су тасқынынан зардап шеккендерге консультация береді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық штабтар құрылды, олардың қызметі халық арасында коммуникациялық және су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ОКҚ алаңында өткен брифингте осындай штаб мүшесі Айгүл Мұратова олардың қызметі туралы айтып берді.

Штабтағы адамдар саны 146 адамды құрайды. Оның құрамына әкімдіктердің қызметкерлері, депутаттардың және қоғам өкілдері кірді. 

Оның айтуынша, штабтың міндеттеріне эвакуациялық пункттерге бару және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқықтарды түсіндіру бойынша халықпен жұмыс істеу, сұрақтар мен ұсыныстарды жинау, мемлекеттік органдар мен халық арасында кері байланысты қамтамасыз ету, гуманитарлық көмекті үйлестіру және бөлу, волонтерлік топтарды үйлестіру кіреді.

Келіп түскен барлық мәселелер тиісті құзыретті мемлекеттік органдарға жіберіледі. Халық көп қоятын сұрақтар: біржолғы әлеуметтік көмек көрсету, мүлікке келтірілген залал үшін өтемақы алу туралы. Қазіргі уақытта 72 кездесу өткізіліп, 3 мыңға жуық адамға консультация берілді, - деді Айгүл Мұратова.

Өзгелердің жаңалығы