СҚО-да картоп пен сәбіз алқабы 2 есе ұлғайды – әкім

21 Маусым 2023, 14:49
1255
Бөлісу:
СҚО-да картоп пен сәбіз алқабы 2 есе ұлғайды – әкім
Фото: ОКҚ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өзі басқарып отырған өңірдің қалай дамып жатқаны туралы ОКҚ-да өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкімнің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының барлық даму бағыты бойынша оң динамика байқалады.

Солтүстік Қазақстан облысы - аграрлық өңір. Өңір республика бойынша дәнді дақылдардың төрттен бірін өсіреді, сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндіреді. Ауыл шаруашылығы саласындағы басты міндеттердің бірі - импортқа тәуелділікті азайту және өңірді өз өндірісінің негізгі азық-түліктерімен қамтамасыз ету, - дейді облыс басшысы.

Айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы бес айда 100,9 млрд теңгеге жетті.

Көрсеткіштің өсуі негізінен мал шаруашылығы саласындағы көлемдердің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Мал басы да, өнімді қайта өңдеу де өсті. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі 4,5 млн га құрап, 90 мың гектарға ұлғайды, - деп айтты Айдарбек Сапаров брифингте.

Сонымен қатар биыл ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін қарақұмықтың егістік алқабы 3 есе, картоп, сәбіз және қырыққабат 2 есе ұлғайды.

Өзгелердің жаңалығы