СҚО-да екі жылда 14 мектеп жабылып қалды

12 Қазан 2022, 00:43
815
Бөлісу:
СҚО-да екі жылда 14 мектеп жабылып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда 14 мектептің жабылуын жауапты мамандар білім ұяларындағы оқушы санының аздығымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме беріп.

Айта кету қажет бұл білім ошақтарының барлығы ауылды жерлерде орналасқан. Олардың кейбірінде бала саны тіпті үшке де жетпей қалған. Сондықтан білім басқармасындағы мамандардың шешімімен олардың есіктеріне құлып ілінді. Жалпы қазіргі таңда өңірде 465 мектеп жұмыс істеп тұр. Ал оның 75%-і шағын комплектілі. Сондай-ақ 306 ауылдан 2700-ден астам оқушы көрші елді мекендерге қатынап оқуға мәжбүр. Өңірде екі жаңа білім ошағының құрылысы жүріп жатыр.

Бұл мектептерде балалардың саны нормативке сәйкес келмеді. Сол себептен осы мектептер жабылып қалды. Жабылған мектептерде бүкіл балаларды тасымалдау ұйымдастырылды. Интернатта тұратын балаларды бес рет тамақтандырамыз. Былтыр 7 мектеп жабылды. Содан кейін 7 мектеп реорганизаия болып кетті ғой. Биыл реорганизация жоқ, - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

Өзгелердің жаңалығы