СҚО-да даладан ер адамның мәйіті табылды

26 Мамыр 2023, 17:00
782
Бөлісу:
СҚО-да даладан ер адамның мәйіті табылды
Фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында даладан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 25 мамырда СҚО Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аққайың ауданы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адамның мәйіті табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен.

Ер адам мал бағушы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда мал бағып жүрген.

Ер адамға найзағай түскені анықталды, нәтижесінде ол және оның жылқысы оқиға орнында қайтыс болды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы