СҚО-да бір үйдің екі баласы өзіне қол жұмсаған

29 Сәуір 2024, 12:54
1499
Бөлісу:
СҚО-да бір үйдің екі баласы өзіне қол жұмсаған
Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында әпкесі мен інісі өзіне қол жұмсап, қаза болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Криминальный Казахстан" телеграм арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға СҚО, Айыртау ауданы, Имантау ауылында болған көрінеді.

Жексенбіде кішкентай баласы бар 22 жастағы әйел жеке үйдің сарайында асылып қалған. Сұмдық оқиға 17 жастағы інісіне қатты әсер еткен. Салдарынан ол орманға қарай қашып кеткен. Кейіннен оның да асылып тұрған денесі табылған. Полиция аталмыш істі тергеп жатыр, - делінген хабарламада.

Арна таратқан ақпаратқа сәйкес әпкесі мен інісі ата-апасының қолында тәрбиеленген. Әкесі қайтыс болған. Анасы кетіп қалған. Жас келіншек жақында тұрмысқа шығып, босанған көрінеді. Баласы небәрі 1,5 жаста екен. 

Өзгелердің жаңалығы