СҚО-да бір тәулікте 26 өрт пен жану оқиғасы тіркелді

Шаховское ауылы маңындағы ірі өртті сөндіруге қосымша өрт сөндіру пойызы тартылды.

13 Қыркүйек 2026, 03:17
АВТОР
 Скриншот 13 Қыркүйек 2026, 03:17
13 Қыркүйек 2026, 03:17
101
Фото: Скриншот

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте ТЖМ өрт сөндірушілері 35 жедел шақыртуға шығып, 26 өрт пен жану оқиғасын жойды.

Оның ішінде жалпы аумағы 39 гектарды қамтыған құрғақ шөптің екі ірі жануы және 2,1 гектар аумақтағы бір табиғи өрт сөндірілді.

Тілсіз жаумен күреске ТЖМ мен өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің 300-ден астам маманы және 110-нан астам техника жұмылдырылды.

Шаховское ауылы маңындағы ірі өртті сөндіруге қосымша өрт сөндіру пойызы тартылды.

Наверх