СҚО-да балалар ауруханасына МРТ аппараты орнатылды

19 Желтоқсан 2022, 19:21
898
Бөлісу:
СҚО-да балалар ауруханасына МРТ аппараты орнатылды

Облыстық балалар ауруханасында заманауи МРТ аппараты жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аурухананы аралау кезінде облыс әкімі Айдарбек Сапаров жаңа аппараттың жұмысымен танысты.

Бұл балалар ауруханасына орнатылған алғашқы МРТ. Енді кішкентай балаларға МРТ өту үшін басқа емдеу мекемелеріне барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Оған қоса, биыл балалар ауруханасына жаңа компьютерлік томограф, ота жасалатын және оңалту қондырғылары орнатылды.

Бұның барлығы балалардың сапалы ем алуы үшін жасалып отыр, — деп атап өтті өңір басшысы.

Ересектерге арналған облыстық ауруханада биыл 1,6 мың бала МРТ өтті. Балалар ауруханасындағы жаңа аппараті жылына 4 мың баланы қабылдай алады.

Өзгелердің жаңалығы