СҚО-да ауруханада жатқандардың 98%-ы вакцина алмағандар

25 Қаңтар 2022, 20:00
1302
Бөлісу:
СҚО-да ауруханада жатқандардың 98%-ы вакцина алмағандар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-да вакцинацияланған тұрғындардың коронавирусты жұқтыруы сирек және ауру жеңіл өтеді, деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Вакцинацияның толық курсынан өткендердің ішінде – 260 мыңнан астам адам, COVID-19 3 300 адамда анықталды. Бұл жалпы санның 1,2% құрайды. Оның ішінде 41% ауру симптомсыз өтті, қалғандары жағдайы орта дәрежелі ауырлықта инфекциялық стационарларға жатқызылды. 

Өткен жылдың 1 ақпанынан бастап биылғы жылдың 17 қаңтарына дейін облыстың жұқпалы аурулар бөлімшелері арқылы 11,5 мың вакциналанбаған, реанимация бөлімшелері арқылы 2 мыңға жуық вакциналанбаған адамдар өтті.

Айта кету керек, стационарлық емдеудегі адамдардың 98%-ы вакцинацияланбаған.

Шектеу шараларына жалғыз балама-бұл уақтылы вацина алу және халықты қайта вакцинациялау. Бүгінде СҚО-да 50 мыңға жуық тұрғын қайта вакцинациядан өтті. Екі компонентпен  халықтың 72% егілді.

Соңғы 2 аптада облыста КВИ – дің 1752 жағдайы тіркелді.

Осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда (28 желтоқсан–10 қаңтар) аурушаңдықтың 4,2 есе өсуі байқалады (410-нан 1752 жағдайға дейін). 92% эпидемиологиялық көрсеткіштер үлесіне келеді. Ең көп коронавирус инфекциясын 60 жастан асқан солтүстікқазақстандықтар жұқтырған-барлық жұқтырғандардың 32% құрайды. 50-59 жас-16%. 30-39 жас-15%, ️- деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өзгелердің жаңалығы