СҚО-да әлеуметтік сауалнама жүргізіуде

19 Наурыз 2023, 11:23
961
Бөлісу:
СҚО-да әлеуметтік сауалнама жүргізіуде
PHOTO
Фото: автордан

Қазақстанның барлық облыстарында, ірі қалаларында «Exitpoll» мамандары әлеуметтік сауалнама жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ-тің Солтүстік Қазақстандағы тілшісі. 

Теріскейде халықаралық ұйым өкілдері дауыс беру учаскелері ашылған мезеттен бастап іске кірісті. Сауалнама нәтижесі Астана уақыты бойынша түнгі 12:00-де жарияланбақ.

СҚО-да әлеуметтік сауалнама жүргізіуде

Тұрғындардың сауалнамаға қатысуы немесе бас тартауы – ерікті. Жинастырылған ақпар бойынша саяси партия және жекелеген кандидаттардың неше пайыз дауыс жинағаны турасында болжамды мәлімет жарияланады. Интервьюерлер кешкі 20.00-ге дейін сайлау учаскелерінде жұмыс істейді. Дауыс беру науқаны аяқталысымен, нәтижені сараптауға кіріседі. 

Біз арнайы дайындықтан өттік. Сайлау науқанының бүге-шүгесіне дейін білдік деуге болады. Қатысушыларға екі сұрақ қойылады. Дауыс берушілерден қандай партия және қай кандидатқа дауыс бергенін сұраймыз. Жауап құпия сақталады. Жалпы сауалнамаға халық белсенді қатысып жатыр. Бас тартатындар да бар, - дейді  сауалнама жүргізуші Гүлнара Бұрлықпаева.

СҚО-да әлеуметтік сауалнама жүргізіуде

Өңірде облыстық мәслихаттың 15 округі бойынша 53 кандидат, қалалық мәслихаттың 18 округі бойынша 53 кандидат, аудандық мәслихаттардың 145 округі бойынша 450 кандидат тіркелді. Орта есеппен бір мандатқа 3,1 адамнан тіркелді. Мәжіліске 10 кандидат бар. 631 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 97-і облыс орталығында орналасқан.

Облыс халқы сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасап жатыр. Әр нысанда азық-түлік жәрмеңкелері өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы