2026 жылғы 27 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс прокуратурасының үйлестіруімен балаларға арналған «Құтқарушының бір күні» атты ауқымды профилактикалық акция өтті.
Іс-шара барысында оқушылар үшін полиция бөлімшелері мен өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсиялар ұйымдастырылды. Акция қатысушыларына өрт сөндіру техникасы, арнайы автокөліктердің жабдықталуы көрсетіліп, өрт туындаған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі мен қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Акциямен барлығы 350-ден астам кәмелетке толмаған жасөспірім қамтылды. Іс-шара облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында өткізілді. Мұндай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін, құқықтық сананы қалыптастыруға, сондай-ақ құқық қорғау және құтқару саласындағы мамандықтарға қызығушылықты арттыруға бағытталған, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.