СҚО-да 15 жастағы оқушыны көлік қағып кетті

28 Желтоқсан 2022, 11:42
705
Бөлісу:
СҚО-да 15 жастағы оқушыны көлік қағып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында  15 жастағы оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 желтоқсан күні сағат 8:20 шамасында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ыбыраев ауылындағы Центральная көшесінде Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі 2007 жылы туған 10-сынып оқушысын қағып кетті.

Осы автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен кәмелетке толмаған қызды Шал ақын аудандық ауруханасына жеткізді. 

Кейін жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. 

Медициналық куәландыру актісіне сәйкес жүргізуші мас емес. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы