Спорттық федерациялар жанынан жастар клубтары құрылады

8 Ақпан 2022, 11:47
1595
Бөлісу:
Спорттық федерациялар жанынан  жастар клубтары құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Спорттық федерациялар жанынан спорттық жастар клубтары құрылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. 

Салауатты өмір салтын насихаттау үшін  спорттық инфрақұрылымды дамыту жалғасады. Сондай-ақ мемлекеттік спорт тапсырысты қаржыландыру көлемі ұлғаяды, - деп айтты ол.

Смайыловтың сөзінше, өңірлерде,  оның ішінде ауылдық жерлерде  35 мәдениет объектісі салынады және 265 нысан жөнделеді. 

Жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында  жыл сайын 25 мың адамды қамти отырып,  «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу ұзақтығы мен  еңбекақы төлеу ұлғайтылады, - дейді Үкімет басшысы.

Айтуынша, жеке компанияларда  жас мамандар үшін  тағылымдамалар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Жастар ресурстық орталықтары,  үкіметтік емес ұйымдар мен  спорттық федерациялар жанынан  спорттық жастар клубтары құрылады, - деп айтты Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Үкімет басшысы елімізде Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар азаматтарды әлеуметтік қолдаудың тиімділігін одан әрі арттыру шеңберінде  Әлеуметтік кодексі қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы