Спорттық жүрістен дәстүрлі Азия чемпионаты өткізілмейтін болды

14 Қаңтар 2021, 23:00
976
Бөлісу:
Спорттық жүрістен дәстүрлі Азия чемпионаты өткізілмейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл атлетикадан бірнеше ірі халықаралық турнирдің өткізілмейтіні және кейінге қалғаны анықталды. Бұл туралы құрлықтық ұйымның баспасөз қызметі хабарлайды. 

Оlympic.kz-тің мәліметінше, коронавирус індетіне байланысты спорттық жүрістен жыл сайын ұйымдастырылатын Азия чемпионаты өтпейді. Аталған шешімді Жапония жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы Азия аймақтық қауымдастығымен бірлесе отырып қабылдаған.   

Құрлық додасы 21 наурыз күні Жапонияның Номи қаласында өтуі тиіс еді.  Сондай-ақ, COVID-19 індетіне байланысты Кувейттегі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының өту мерзімі өзгертілді. Аталған дода 2021 жылдың қазанына шегерілген. 

Өзгелердің жаңалығы