Спортшыларымыз шорт-тректен әлем чемпионаты кезеңінде эстафетада финалға шықты

6 Қараша 2022, 11:20
1137
Бөлісу:
Спортшыларымыз шорт-тректен әлем чемпионаты кезеңінде эстафетада финалға шықты

Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өтіп жатқан шорт-тректегі әлем чемпионатында эстафетада жартылай финалдық жарыстардың нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы 5000 метрлік эстафетада Қазақстан намысын Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Денис Никиша және Еркебұлан Шамхунов қорғады.

Олар екінші орынмен финалға жолдама алды.

Әйелдер арасында 3000 метрге эстафетада Яна Хан, Ольга Тихонова, Алина Ажғалиева және Анастасия Астраханцева сынға түсті. Олар да финалға шықты. Аралас эстафетада біздің құрама жартылай финалға өте алмады.

Өзгелердің жаңалығы