Спорт. ПСЖ ойыншысы Мбаппе «Реалға» ауысады

27 Тамыз 2021, 16:12
1402
Бөлісу:
Спорт. ПСЖ ойыншысы Мбаппе «Реалға» ауысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПСЖ клубының шабуылшысы Киллиан Мбаппе «Реалға» ауысуы мүмкін. Ол клубтан кететінін айтып, командаластарымен қоштасып үлгерген. Бұл туралы Cuatro хабарлады.

Форвардтың трансфері екі күннің ішінде нақты белгілі болады. Marca басылымының мәліметінше, «Реал» мен франциялық клуб Мбаппенің трансфері бойынша өзара келісім жасасып қойған.

Бірқатар басылымның хабарлауынша, «Реал» футболшыға 170 миллион еуро ұсынған.

Айта кетейік, бұған дейін «Реал» париждік клубқа 160 миллион еуро ұсыныс жасаған еді. Алайда, ПСЖ бұл келісімнен бас тартты. Клубтың спорт директоры Леонардо испандық клубтың бұл ұсынысын қатал сынға алып, қаражаттың спортшы құнына мүлдем лайық емес екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы