Елдос Сметов Паралимпиадашыларға сәттілік тіледі

25 Тамыз 2021, 18:36
6181
Бөлісу:
Елдос Сметов Паралимпиадашыларға сәттілік тіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода жазғы Паралимпиада ойындары басталады. Қазақстандық Олимпиадашылар Ұлттық паралимпиада командасын қолдап, сәттілік тілеуде.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

Дзюдодан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов отандық спортшыларды қолдауға шақырды.

Бүгін Паралимпиада ойындары басталып жатыр. Ел намысын қорғайтын паралимпиадашыларға сәттілік тілеймін! Қазақстан құрамасына жанкүйер болайық!, - дейді дзюдошы. 

Айта кетейік , Паралимпиада ойындары 5 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан сапынан 25 спортшы сынға түседі.

Өзгелердің жаңалығы