Спорт әлеміндегі алаяқтық пен жалғандық: Қазақстан таэквондосында не болып жатыр?

18 Тамыз 2022, 14:50
1245
Бөлісу:
Спорт әлеміндегі алаяқтық пен жалғандық: Қазақстан таэквондосында не болып жатыр?
PHOTO

Кейбір спорт жаттықтырушылары мен таэквон-до төрешілері бюджеттен заңсыз қаржы алып, жалған құжатпен жұмыс істейді. Осылай деп дабыл қаққан «Таэквон-до (ITF) ұлттық спорт федерациясы» ҚБ президенті Айдос Аманжолов журналистермен брифинг өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Дау қалай шықты? 

2007 жылға дейін елімізде тек олимпиадалық спорт түрі – таеквандо ВТФ (WTF) ғана болған. Ал 2007 жылы таеквандо ұлттық спорт федерациясы тағы бір  - Таэквон-до ITF спорт түрі қосылған.  

1999 жылдан бастап сегіз адамда жоғары біліктілік санаты болды (таэквон-до ITF-ке дейін), олардың төртеуі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын да қоса иемденген. Сонымен қатар олардың құжаттарында пәннің атаулары әртүрлі көрсетілген: таеквандо (ITF), таеквондо (ITF), таэквон-до (ITF). Мұндай спорт түрлері тіпті Қазақстанда тіркелмеген. Демек олар атақ пен категорияларды заңсыз түрде иемденіп алған, - деп мәлімдеді ITF ұлттық спорт федерациясы» ҚБ президенті Айдос Аманжолов. 

Сондай-ақ оның атап өтуінше, жаттықтырушылар мен төрешілер спорт мектептеріне жұмысқа орналасып, жоғары жалақы алады. Сонымен қатар олар бюджеттен әр түрлі құйтырқылықпен ақша алып отырған. 2014-2022 жылдар аралығында тек Қарағанды облысы бойынша ғана бұл жаттықтырушылар мен төрешілер мемлекеттік бюджеттен 335 млн теңге алған.

Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке хат жолдадым. Комиссия құрылды.  Оның нәтижесінде біздің таэквондо ұлттық спорт федерациясынан бөлек басқа да федерациялар 5 жыл бойы сертификатсыз жұмыс істегені анықталды. Олар мемлекеттен 5 жыл бойы қаржы алып отырған. Мені кінәлап отырған  ассоциациялар, олар  ITF емес. Бірақ менің құқығымды бұзып, жармасып отыр, - деді ITF ұлттық спорт федерациясының басшысы. 

Спорт әлеміндегі алаяқтық пен жалғандық: Қазақстан таэквондосында не болып жатыр?

Былтыр ақпан айында Айдос Аманжолов спорт комитетіне осы жаттықтырушылар мен төрешілердің атақтары мен санаттарын жою туралы талаппен жүгінген. Бірақ басшылық осы істі қараудан бас тартқан. Мәдениет және спорт министрлігіндегі комиссия өкілдері жаттықтырушылардың ешқандай заңға қайшы келетін әрекет жасамады деген тоқтамға келді. Осы оқиғадан кейін, федерация басшысы мұндай шешіммен келіспей, әкімшілік сотқа жүгінді. Сотта ол комиссияның шешімін бір адам шығарғанын, ал жаттықтырушылар мен судьялардың жеке істері мүлдем зерттелмегенін айтқан.   

Құжаттардың жалғандығы, жоқ спорт түрі бойынша спорттық атақтар мен санаттарды заңсыз беру, жоқ спорт түрін заңсыз қаржыландыру, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде қылмыстық құқық бұзушылықты (сыбайлас жемқорлықты) жасыру сияқты айыптар  спорт комитетінің басшылығына тағылып отыр. Жалған құжат бойынша жұмыс істеп, кейбір спорт жаттықтырушылары мен таеквондо төрешілері бюджеттен заңсыз ақша алды. Мен өз адалдығыма сенемін. Барлық құжат бойынша дәлелім бар , – деп айыптады Аманжолов.

Екінші тарап не дейді? 

Қарағанды таэквон-до ITF федерациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Валерий Когай Аманжоловтың шағымын жоққа шығарды.

Оның сөзіне сенсек,  Айдос Аманжоловты Таэквондо ұлттық спорт федерациясына (ITF) Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті заңсыз тіркеген.  Өйткені оның бірде-бір аккредиттелген облыстық федерациясы жоқ.

Айдос  Аманжолов  2000 жылдардың басында біздің құжатпен филиал ашты. 2012 жылы аккредитация алады. Алайда ол біздің құжатпен және спортшыларымыздың атынан алған. Кейін  біз оған шағымдандық. Биыл Антикорға арызымызды жаздық. Ол қазір қарауда. Біз заң жүзінде жұмыс атқарып жатырмыз. ITF  ұлттық спорт федерациясында ұлттық комитеттен мақұлданған аккредитациясы жоқ. Бізде 9 обылыста аккредитациямыз таеквандо қауымдастығымыз , - деп жауап қайтарды Таеквандо ассоциясының бас хатшысы Саятхан Махаббат.

Өзгелердің жаңалығы