Созбалаңға салынған магистраль құрылысы салдарынан кәсіпкерлер зардап шекті

12 Қазан 2022, 23:00
1092
Бөлісу:
Созбалаңға салынған магистраль құрылысы салдарынан кәсіпкерлер зардап шекті
Фото: автордан

Облыс орталығында су құбырын тарту және жол құрылысы салдарынан бір топ кәсіпкер зардап шегіп отыр, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ  тілшісі.

Торайғыров және Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысындағы құрылыс магистральді су құбырын салу бойынша жүргізілуде. Кейін жолға асфальт төсеу жоспарланған. Осының салдары жол бойында тұрғын дүкендер мен қызмет көрсету нысандарының иелері шығынға батып жатыр. Себебі, тауар, азық-түлік тасымалдау қиындық тудырған. 

Ұзындығы небары 800 меррлік магистральді салу бес айға созылған.  Осы уақыт аралығында бір бүтін кварталдың жолдары жабылған. 

Жол жөндеуі салдарынан сатып алушыларымызды жоғалтып алдық. Кіріс көлемі күрт азайды. Тауар тасымалдайтындар дүкенге жақын келе алмайды, - дейді кәсіпкер Наталья Королева. 

Павлодар қаласы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, бұл – екі жылдық жоба. Яғни, сақалды құрылыс емес.

Жұмыстар кестеге сәйкес жүріп жатыр. Құрылыс аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта құбыр тартылды, қиыршықтас әкелінді. Кейін  бұл учаскедегі асфальт-бетон жабындысы төселеді. Жоспарланған жұмыс қараша айының соңында аяқталады, - дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова. 

Құрылыс жұмыстары аяқталған соң сол аумақты сумен қамту сапасы жақсарады деп күтілуде. Жол сапасы да жақсарады.

Өзгелердің жаңалығы