СOVID-19: Жансақтау бөліміне түспес үшін не істеу керек?

9 Тамыз 2021, 17:45
12180
Бөлісу:
СOVID-19: Жансақтау бөліміне түспес үшін не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар СOVID-19 кезінде өз бетінше диагноз қойып, сондай-ақ иммунитетті жандандыру шараларын жасамауға кеңес береді. Себебі организмнің күйін ушықтырып қана қоймай, өмірге қауіп төндіретін «жанама әсерді» тудыруы мүмкін.

Мұның соңы тіпті жансақтау бөлімінен бір-ақ шығаруы ықтимал көрінеді. 

Бұл туралы ресейлік дәрігер-хирург, денсаулық сақтау ұйымының маманы Кирилл Ювченко айтты. 

Оның айтуынша, коронавирус кезінде шектен тыс емделу ең қауіпті «цитокин дауылына» әкеп соғу қаупі бар. Яғни организм өмір үшін емес, өлім үшін күресетін шектен тыс иммунды реакция туралы сөз болып отыр.

Дәрігер кез келген жағдайда организмді әлсіреуге дейін жеткізбей, не нәрсенің болсын шегін сақтау керек деп отыр. Мысалы, денеге физикалық күш түсіру тек шектен шықпаған жағдайда ғана ағзаға пайдалы. Әйтпесе, лейкоциттер стресс тудырып, организм инфекциялармен күресе алмай қалатын көрінеді.

Дәрігерлер өзге штамдарға қарағанда «дельта» штамм қиынырақ емделетіндігін алға тартуда. Себебі гастроэнтерологиялық компоненттің рөлі мен аурудың даму жылдамдығы рөл ойнайды. Оның үстіне, коронавирустың жаңа түрі дәл қазіргі сәтте ауыр ағымға ие болып отырғаны белгілі.

Өзгелердің жаңалығы