СOVID-19: Елордада эпидахуал оңалмай тұр

12 Қазан 2021, 14:08
24483
Бөлісу:
СOVID-19: Елордада эпидахуал оңалмай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. 

Оның айтуынша, COVID-19 бойынша қалада эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қалуда. Елорда әлі де «қызыл»  аймақта тұр.
Күніне орта есеппен 200-280 жаңа инфекциялық жағдай тіркеледі. Қыркүйек айында тамыз айымен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші 3,5 есе төмендегені байқалды. Соңғы аптадағы сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуі аясында өткен аптамен салыстырғанда жұқтыру жағдайларының 8%-ға шамалы өсуі байқалады, - деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Еске сала кетейік, осыған дейін елордада қанша жүкті әйел коронавирустан қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы