СOVID-19. Былтыр індетпен күреске елорда 46 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған

2 Наурыз 2022, 17:25
1174
Бөлісу:
СOVID-19. Былтыр індетпен күреске елорда 46 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров хабарлады. 

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавируспен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыруға 46,89 млрд теңге жұмсалды. Оның ішінде: медицина қызметкерлеріне  үстемеақылар – 18,79 млрд теңгені, медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге жұмсалған қаржы 21,63 млрд теңгені құраған. Ал карантиндік және инфекциялық стационарларға 56,1 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылып, емделген. КВИ таралуын болдырмау үшін стационар аясында үйге кеп көрсетілетін медициналық көмекке  2,3 млн теңге шығындалып, 73 адам емделді, - деп атап өтті филиал басшысы. 

Сондай-ақ ПТР диагностика қызметіне – 5,14 млрд теңге бөлініп, 831  мың ПТР-тест жасалыпты. 

Мобильді бригадалардың шығуына – 1,33 млрд теңге кетті. Олар 238 мың шақыртуға шыққан. Ал 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 13 млрд 16  млн   теңге сомасына 910 907 тегін рецепт бойынша 233 063 пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Өзгелердің жаңалығы