"Соттың үнсіз куәгері": Сот хатшысының бір күні

Көпшілік көрмейтін мамандық: сот хатшысы күн сайын қандай жауапкершілік арқалайды?

Бүгiн 2026, 12:36
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 12:36
Бүгiн 2026, 12:36
356
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Көпшілік сот залында судьяны көреді. Ал сот процесінің әр сәтін тіркеп, құжаттардың дәл жүргізілуін қамтамасыз ететін маманның жұмысы көп жағдайда назардан тыс қалады. BAQ.KZ редакциясының түсірілім тобы сот жүйесінде 17 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан сот хатшысының бір күнін түсіріп, мамандықтың көпшілік біле бермейтін қырларын көрсетті.

Сот отырысы басталғанға дейін қандай жұмыстар атқарылады? Бір күнде қанша іс қаралады? Сот хатшысының қателесуге құқығы бар ма? Судья мен хатшының жұмысы қалай үйлеседі?

BAQ.KZ түсірген "Соттың үнсіз куәгері" деректі фильмінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хатшысы Жібек Тоқмағанбетова өз қызметінің ерекшеліктері туралы әңгімелейді.

Көрермендер сот процесінің тасада қалатын тұстарын көріп, сот хатшысының жауапкершілігі, кәсіби талаптары мен адам тағдырына қатысты істердегі рөлі туралы біле алады.

Айта кетсек, ресми дерекке сәйкес, елорда соттарында бүгінде 852 адам қызмет етеді. Оның ішінде 227 судья, 419 әкімшілік мемлекеттік қызметші және 206 өзге қызметкер бар. Сол үлкен ұжымның бір бөлшегі саналатын сот хатшылары әділ сот төрелігінің үздіксіз жұмыс істеуіне күн сайын үлес қосып келеді.

Деректі фильмді төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.

 

Режиссер:

Қанағат ТАСБОЛАТ

Операторлар: 

Сырым РАХИМБЕКОВ

Ғазиз ШАКИРОВ

Асылхан ЖУЛАНОВ

Монтажер:

Нұрасыл ЕРЖАНОВ

Наверх