Сотталушыға ерекше салмасы бар шаурма әкелінді

9 Маусым 2022, 15:35
1462
Бөлісу:
Сотталушыға ерекше салмасы бар шаурма әкелінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колониядағы досына қысқа мерзімді кездесуге келген 35 жастағы азамат смартфон телефондарын түрмеге кіргізбек болды. Ол телефондарды ерекше жолмен шаурманың ішіне салып, ал телефон аксесуарларын майонез банкасына тығып қойған.

Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Қызметкерлер тексеру барысында тыйым салынған заттарды тәркіледі.

Жас жігіт досымен колонияға қысқа мерзімді кездесуге келді. Ол екі дана шаурма ішіне екі смартфон телефонын, ал майонездің ішінеаксесуарларын жасырған, яғни құлаққаптар мен зарядтағыштарды жасырған, – деді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Айдын Калелов.

Аталған факті бойынша жедел топ шақырылды, құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін және кездесуі болмай қалды.

Өзгелердің жаңалығы