Сотталғандарды мерзімінен бұрын босату институты жетілдіріледі

29 Мамыр 2023, 16:03
703
Бөлісу:
Сотталғандарды мерзімінен бұрын босату институты жетілдіріледі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Қазақстанда сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институты жетілдіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова ОКҚ алаңында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды.

Вице-министрдің айтуына қарағанда, заңнамада сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын жетілдіру көзделіп отыр.

Оның ішінде:

- ауырлығы аз немесе орташа қылмыстар жасағаны үшін адамдарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін жалпы мерзімді төмендету (ҚК 72-бабының 3,4-бөлігі);

- өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қатысты шартты түрде босату қолданылғанда пробациялық бақылаудың 10 жылдық мерзімін белгілеу;

- сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды белгілеу:

1) бас бостандығынан айыру түріндегі жаза ҚК-нің 73-бабының тәртібімен бас бостандығын шектеуге ауыстырылған;

2) жазасын өтеуден бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған өмір бойына бас бостандығынан айыруға;

3) өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңінде қылмыс жасаған;

4) азаптау үшін.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде қылмыстық жазаларды тағайындау түрлері мен тәртібі өзгеруі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы