Елімізде қылмыстық жазаларды тағайындау түрлері мен тәртібі өзгеруі мүмкін

29 Мамыр 2023, 15:59
1333
Бөлісу:
Елімізде қылмыстық жазаларды тағайындау түрлері мен тәртібі өзгеруі мүмкін
Фото: Артём Чурсинов

Елімізде қылмыстық жазаларды тағайындау түрлері мен тәртібі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова ОКҚ алаңында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды.

Қылмыстық-атқару заңнамасын жақсарту үшін бірқатар түзету енгізу көзделіп отыр.

Вице-министрдің айтуынша, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды орындау тәртібін, оның ішінде пробация қызметтерінің жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын жетілдіру жоспарда бар.

Атап айтсақ, жергілікті бюджет есебінен пробация қызметтерін ұстау, химиялық кастрация түріндегі мәжбүрлеп емдеу тәртібін өзгерту, пробация қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бірлесіп ұйымдастыру процесін егжей-тегжейлі регламенттеу, - деді Алма Мұқанова ОКҚ алаңында.

Сонымен қатар қылмыстық жазаларды тағайындау түрлері мен тәртібін өзгерту де жоспарда бар.

Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнайы қабылдағыштарда қамауға алуға сотталғандарды ұстау, қамауда ұстау орындарында ерекше жағдайлар режимін енгізу кезінде қосымша шектеулер белгілеу, мекеме әкімшілігінің сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін олардың психикалық ауытқулары мен жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділігінің болуы (болмауы) туралы мәселені шешу үшін материалдарды сотқа жіберу мерзімдерін өзгерту, яғни өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірмей, - деп түсіндірді Әділет вице-министрі.

Өзгелердің жаңалығы